Толтырылған құжаттар, сондай-ақ қажет құжаттардың көшірмелері компания қызметкерлеріне немесе оның өкілдеріне ұсынылады, содан кейін ғана клиент сатып алынатын пайлардың құнын төлейді. Тіркеушіде клиенттің атына дербес шот ашылады. Кастодиан банкі ақшаның түскені туралы растағаннан кейін басқарушы компания тіркеушіге пайларды есептеуге бұйрық береді.
Үлестік нарық - Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда олардың иесінің мүліктегі белгілі бір үлеске құқығын куәландыратын бағалы қағаздар, акциялар нарығы.
Борыштық нарық – ол да бағалы қағаздар. Эмитенттің (борышкердің) осы бағалы қағаздарды шығару шарттарында борыштың негізгі сомасын төлеу жөніндегі міндеттемесін куәландыратын облигациялар нарығы.
Қор нарығындағы процестердің негізгі қатысушылары - инвесторлар, эмитенттер және делдалдар. Делдалдар дегеніміз брокерлер, дилерлер, қор биржалары, кастодиан банктері, басқарушы компаниялар, орталық депозитарийлер, агенттер және тағы басқалары.
Бағалы қағаздарды номиналды ұстау - бағалы қағаздарды ұстаушылардың атынан және солардың есебінен номинал ұстау шартына сәйкес не осы Заңға сәйкес белгілі бір заңды іс-әрекеттер жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау.
Кастодиан - клиенттердің қаржы құралдарын және ақшасын есепке алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжаттамалық қаржы құралдарын сақтау бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдай отырып, оларды сақтауды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.
Брокер мен дилердің басты айырмашылығы - брокер мәмілелерді клиенттің есебінен және оның атынан жасайды, ал дилер мәмілелерді өз есебінен және өз атынан жасайды. Брокер өз қызметтері үшін клиенттен комиссия алады, дилер болса өз кезегінде сатып алу-сату бағасы арасындағы айырмашылықтан кіріс алады.
Клиенттің активтері кастодиан-банктегі шотта сақталатын халықаралық қор биржаларында листингтен өткен бағалы қағаздардан басқа, бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде клиенттің қосалқы шотында сақталады.
Реттеуші - бұл қор нарығында бәрі заңды түрде жүретініне көз жеткізетін ұйым. Қазақстан нарығында бұл функцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орындайды.
Инвестициялық пай қоры (ИПҚ) – бұл ұжымдық инвестициялаудың формасы. Мұнда инвесторлар қор мүлкіндегі үлестердің меншік иелері болып саналады. Бағалы қағаздар нарығын басқарушы компания жүзеге асырады.
ИПҚ-лардың бірнеше артықшылығы бар, оның ішінде:
• қолжетімділік. Қазақстан қор биржасында (KASE) "Jusan Invest" АҚ басқаруындағы ИПҚ-лардың пайларын сіз тіпті 100 теңгеге сатып ала аласыз.
* Жоғары өтімділік. Пайларды кез келген сауда уақытында KASE-де сата аласыз. Егер сіз өзіңіздің пайларыңызды басқарушы компанияға сатқыңыз келсе (бастапқы нарықта), онда сіз ИПҚ ережелерімен танысуыңыз керек (пайларды бастапқы нарықта ай сайын немесе тоқсан сайын қалай сатуға болатыны туралы).
* Кәсіби басқару. Қордың активтерін бағалы қағаздар нарығында инвестициялауда көпжылдық тәжірибесі бар "Jusan Invest" АҚ кәсіби командасы басқарады.
* Салық бойынша жеңілдіктер. "Jusan Invest" АҚ басқаруындағы барлық ИПҚ-ны Қазақстан қор биржасында (KASE) сатып алуға және сатуға болады. KASE қор биржасында пайларды сатудан түскен табыс пен аударылған дивидендтерге салық салынбайды.
* Қарапайым өнім. ИПҚ-ларға инвестиция жасай отырып, сіз портфельді бақылауды кәсіпқойларға тапсырасыз, ал бос уақытыңызды өзіңізді қызықтыратын нәрсеге жұмсай аласыз.
* ИПҚ-лардан түсетін табысқа шектеу қойылмаған.
Толтырылған құжаттар, сондай-ақ қажет құжаттардың көшірмелері компания қызметкерлеріне немесе оның өкілдеріне беріледі. Содан кейін клиент сатып алатын пайлардың ақшасын төлейді. Тіркеушіде клиенттің атына дербес шот ашылады. Банк ақша түскенін растағаннан кейін басқарушы компания тіркеушіге пайларды аударуға бұйрық береді.
Пайларды өтегіңіз келсе, Сізді қызықтыратын қордың пайларын сатып алу күніне дейін 15 күнтізбелік күн ішінде өтінім жіберу қажет. Мысалы, сіз "abyROI" ИПҚ бойынша пайларды ай сайынғы негізде, ал "allGA" ИПҚ бойынша пайларды тоқсан сайынғы негізде сата аласыз (толығырақ "Jusan Invest" АҚ басқаруындағы ИПҚ-лар туралы ережені қараңыз)
"Jusan Invest" АҚ басқаруындағы барлық ИПҚ-ны Қазақстан қор биржасында (KASE) сатып алуға және сатуға болады. KASE Қазақстан қор биржасында пайларды сатудан түскен табыс пен аударылған дивидендтерге салық салынбайды.
Инвестициялық қорлар туралы жиі қойылатын сұрақтар
Брокерлік шотты "First Heartland Jýsan Bank"- "Jýsan24" АҚ мобильді қосымшасы арқылы немесе шот ашуға арналған құжаттар пакетін толтыру арқылы өз бетіңізше ашуға болады. Құжаттар пакетін менеджерден компания кеңсесінде немесе сайтта "көмек көрсету" функциясын қолдана отырып алуға болады.
Брокерлік шотты қашықтан "First Heartland Jýsan Bank" АҚ - "Jýsan24" мобильді қосымшасы арқылы ашуға болады.
Брокерлік шотты қашықтан "First Heartland Jýsan Bank" АҚ - "Jýsan24" мобильді қосымшасы арқылы ашуға болады.
Клиент ақшасын брокерлік шотты ашқан кезде алатын деректемелері бойынша кез келген банктік шоттан қолма-қол ақшасыз аударыммен аудара алады. Сондай -ақ, брокерлік шоттарды "First Heartland Jýsan Bank" АҚ – "Jýsan24" мобильдік қосымшасы арқылы автоматты түрде толықтыруға болады (аударымның ең аз сомасы - 5 000,00 теңге).