«Jusan Invest» АҚ БЖЗҚ-мен шартқа қол қойды

2021 жылдың 18 ақпанында «Jusan Invest» АҚ басқарушы және брокерлік компаниясы дайын екенін бірінші болып мәлімдеп, "БЖЗҚ" АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартқа қол қойды. БЖЗҚ, «Jusan Invest» АҚ және "Сбербанк" АҚ ЕБ арасында кастодиандық шарт жасалды.

Зейнетақы қорының мақсаты - Қазақстан Республикасы резиденттерінің зейнет жасы бойынша жинағын сақтау және көбейту.

«Jusan Invest» АҚ басшысы Нұрдәулет Айдосовтың мәлімдеуінше, компанияда барлық кәсіби ресурс пен басқару тәжірибесіне ие және ол бұл бағытты барынша жауапкершілікті талап ететін стратегиялық маңызды деп санайды. Команда активтерді валюталар, кластар, салалар және география бойынша бөлуді көздейтін инвестициялаудың теңгерімделген стратегиясын таңдады. Инвестициялаудың ең маңызды критерийі - қаржы құралдарының инвестициялық тартымдылығы мен олармен байланысты тәуекелдер.

Салымшылардың активтері үлестік және борыштық бағалы қағаздарға жататын жария өтімді қаржы құралдарына, оның ішінде биржада саудаланатын қорларға (ETF), акцияларға, облигацияларға, Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарына, Қазақстанның орта мерзімді тәуелсіз облигацияларына, сондай-ақ бағалы металдарға инвестицияланатын болады. Табыстың мақсатты деңгейі – жылдық 13%.

«Jusan Invest» АҚ кастодиан-банкті таңдау кезінде банктің жоғары несие рейтингісіне, дамыған инфрақұрылымына, команданың сенімділігі мен кәсіби тәжірибесіне негізделді. Кастодиан-банкте «Jusan Invest» АҚ басқаратын клиенттердің активтері сақталады.

«Jusan Invest» АҚ - 2004 жылдан бастап бағалы қағаздар нарығында заманауи инвестициялық шешімдердің кең спектрін ұсынатын компания, KASE, AIX және ҚҚҚ мүшесі. 30 млрд теңгеден аса ақшаны басқарады, 320 млрд теңгеге брокерлік қызмет көрсетіліп жатыр, тартылған қаржыландыру 1 трлн теңгеден асады, ал клиенттік мәмілелердің айналымы 1,2 трлн теңгеден асады.

Таяуда БЖЗҚ-ның ресми интернет-ресурсында зейнетақы жинағының бір бөлігін «Jusan Invest» АҚ-ға аудару рәсімі жарияланатын болады.

Сондай-ақ зейнетақы активтерін басқаруға қатысты толық ақпарат пен соңғы жаңалықтар «Pension» бөлімінде жарияланады.
Көбірек ақпарат біздің Telegram-арнамызда.
Жазылыңыз