15 наурыз 2022 ж.

Қазақстандық биржа Jusan Invest-ті «Қаржылай сауаттылықты арттыруға қосқан үлесі үшін» марапаттады

15 наурыз күні «Қазақстандық қор биржасы» АҚ (KASE) Биржа мүшелері арасында өткен жылдың қорытындысын өткізді. Jusan Invest «Қаржылай сауаттылықты арттыруға қосқан үлесі үшін» марапатын иеленді.
2021 жылы Jusan Invest қор нарығына жаңа клиенттерді тартуға арналған іс-шаралар өткізумен ғана шектелмей, елдегі қаржы сауаттылығы деңгейін көтерумен де айналысты. Тегін білім беруге бағытталған Jusan Academy онлайн платформасын іске қосу осы бағыттағы маңызды жоба болды. Түрлі вебинарлар мен курстарға, сондай-ақ, пайдалы сайттар мен әдебиеттерге кез келген уақытта қол жеткізуге болатын онлайн форматта білім алу мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, Jusan Academy платформасы аясында Қазақстанның барлық облысында 15 мың мектеп оқушысы арасында марафан басталды. Бұл курста оқушыларға отбасы бюджеті, ақша табу, инвестиция түрлері мен алаяқтардан қорғану жолдары туралы айтылады. Курсты аяқтаған балалар күнделікті өмірде қажет қаржы сауаттылығы негіздерін үйреніп шығады.
Қаржылай сауаттылық курсынан басқа, Jusan Academy оқу платформасында екі оқу бағыты бар: бастауыш базалық білімі бар инвесторлар үшін және озық инвесторлардың үшін қаржылық дағдыларын жетілдіруге арналған. Курсты сәтті аяқтағаннан кейін барлық студенттер сертификаттар алады. Ал Jusan Academy-де күн сайын 1000-нан аса адам білім алады.
Анықтама:
Jusan Invest АҚ – инвестициялық брокер және зейнет активтері мен клиенттердің активтерін басқаратын компания.
Jusan academy – қаржы сауаттылығын арттыруға арналған тегін білім беру жобасы. Тәулік бойы қол жетімді курстар, тиімді онлайн формат, семинар мен вебинарлар, сондай-ақ, пайдалы сайттар және әдебиеттер жинағы барынша білім алуға мүмкіндік береді.
«Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) Орта Азия аймағындағы жетекші қор биржасы болып табылады. KASE бағалы қағаздармен сауда-саттық көлемі бойынша ТМД биржалары арасында екінші, ал FEAS биржаларының қор нарығын капиталдандыру бойынша алтыншы орында.
Көбірек ақпарат біздің Telegram-арнамызда.
Жазылыңыз