Максим Кабанов «Jusan Startup Hub» стартаптар конкурсында жеңіске жеткен балаларды марапаттады

banner
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні Алматыдағы Бас ботаникалық бақта балалар шығармашылығына арналған «Алматы БалаFEST» фестивалі өтті. Бұл шараны Алматы қаласы Әкімшілігінің Білім басқармасы ұйымдастырды. Jusan Invest Басқарма Төрағасы Максим Кабанов «Jusan Startup Hub» конкурсы аясында білім платформасы, ойындар, web-сайттар және мобильді қосымшаларға қатысты жобалар бойынша жеңіске жеткен жас жеткіншектерді марапаттады.

«Jusan Start Hub» - бұл «i-MAP» интеллектуал даму орталығы мен Jusan Invest бірге ұйымдастырған жоба.
«Балалар - біздің болашағымыз, Қазақстанның болашағы. Болашағымыздың қандай болатынын қазіргі буын өкілдері балалардың денсаулығы, білімі мен оларға жасалған мүмкіндіктерге қарап байқауға болады.

Біз, компаниямызда заманауи бизнесте өскелең ұрпақтың өмірін жақсартуға барлық шарттар жасалған деп есептейміз.

Сондай-ақ, бағдарлама мен сайт жасау жағынан керемет нәтиже көрсеткен, стартап-жобалар конкурсына қатысқан жастарды атап өткім келеді. Бұл жобаларды дұрыс дамытса, толыққанды бизнеске айналатынына күмән жоқ»,
- деді Jusan Invest Басқарма Төрағасы Максим Кабанов.
banner
“Парк аттракционов” мобильді ойыны, Деревнина Виктория, №134 лицей.
Келесі қатысушылар мен жобалар бірінші және екінші орындарды иеленді:
  • «Imagine Unreal» web-сайты, жорамал сандар теңдеуі. Бояркин Дмитрий, №54 Мамандандырылған Қазақстан-Ресей мектеп-лецейі;
  • «Сайт ученического самоуправления» web-сайты. Ефременко Максим, №144 мектеп-гимназиясы;
  • «Dostar.kz» web-сайты, жануарларға арналған баспана. Лапшин Арсений, №25 гимназия;
  • Gaze роботын жасау бойынша жоба. Қайнарқызы Аида, Амандықұлы Кәрім, №107 лицей;
  • «AILDAMA» мобильді қосымшасы. Кырбасов Тимур, №15 гимназия;
  • «EcoOfice» жобасы. Подопригора Андрей, №134 лицейі;
  • “Выучи 300 казахских слов” мобильді қосымашсы. Абдувалиев Камиль, №184 жалпы білім беру мектебі;
  • «Нейросеть» мобильді ойыны. Блинов Артур, Красилов Сергей, №54 Мамандандырылған Қазақстан-Ресей мектеп-лецейі;
  • “Парк аттракционов” мобильді ойыны, Деревнина Виктория, №134 лицей.
Стартап жобалар конкурсының мақсаты – өскелең ұрпақты қоғамға пайдалы жаңа жобалар жасауға мотивация беріп, жобаларға қолдау көрсету және кәсіби мамандардың тәжірибесі арқылы менторлық жасау.
Анықтама:
«Jusan Invest» АҚ – инновациялық брокер және активтер мен зейнетақы активтерін басқарушы компания. Jusan Invest ашылған шоттар саны бойынша жергілікті нарықтағы көшбасшы және бірқатар беделді халықаралық марапаттардың иесі. Cbonds Awards CIS нұсқасы бойынша «Қазақстандағы үздік онлайн брокер 2021», «Global Banking & Finance Review» нұсқасы бойынша «Активтерді басқарудың үздік компания 2022», және Astana International Exchange рейтингі бойынша «Yздік инвестициялық банкинг командасы» марапаттарына ие.
Көбірек ақпарат біздің Telegram-арнамызда.
Жазылыңыз