Неге Jusan Invest-ті таңдайды?
Қор нарығында инвестициялау туралы шешім сенімді серіктесті таңдаудан басталады!
Біз туралы
«Jusan Invest» АҚ – қазіргі заманғы онлайн брокер және клиенттердің әл-ауқатын басқаратын компания.
Компания 2004 жылдан бастап жұмыс істейді және классикалық қызметтері бар дәстүрлі брокерден бастап ең ауқымды өнім желісі бар толыққанды онлайн брокерге дейінгі трансформация жолынан өтті.
Енді «Jusan Invest» АҚ компаниясының әрбір клиенті АҚШ пен Еуропаның алдыңғы қатарлы қаржы компанияларының қызметінен кем түспейтін бірінші класты сервис болды. Сіз дәл сондай қызметтер кешенін жедел, сапалы әрі ыңғайлы түрде ала аласыз!
Біздің философия
Клиенттеріміздің капиталын үнемдеу және көбейту қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру.
Біз қарапайым, бірақ өте тиімді "ТОП" құндылықтар жиынтығын басшылыққа аламыз:
Технологиялылық
барлық өнім мен процесте
Ашықтық
инновацияларда, идеяларда, бизнесті жүргізуде
Дербестендіру
Әр клиент біз үшін ерекше және оларға жеке-жеке шешім қабылданады
Осы ретте клиенттерімізбен жұмыс істеудегі негізгі басымдықтарды атап өтейік:
Қолжетімділік
Біз инвестициялау барлығына оңай және қолжетімді болуы керек деп санаймыз. Біз барлық үдерісте коммуникациялардың қолжетімділігін, қарапайымдылығын және анық болғанын қолдаймыз
Сенімділік
Бұл біздің жұмысымыздың негізі. Біз инвестициялық өнімдеріміздің көмегімен тұрақты және сенімді болашақты қамтамасыз етуге тырысамыз.
Табыс
Біз клиенттерімізге ең тиімді шарттарды, оның ішінде тәуекелдер бойынша жеке басымдықтарды ескере отырып, тартымды мөлшерлемелерді ұсынуға тырысамыз.
Инновациялар
Біз бірегей инвестициялық өнімдерді жасау және заманауи сервисті ұсыну үшін жаңа технологияларды пайдаланамыз.
Біздің команда
Our team
Біз талантты қызметкерлеріміздің командасын мақтан тұтамыз. «Jusan Invest» АҚ клиенттерге бірінші дәрежелі өнімдер мен қызметтерді үнемі жетілдіру және ұсыну идеясына қызығушылық танытқан адамдарды біріктірді. Біздің бүкіл командамыз - ең табысты жергілікті және шетелдік компанияларда көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар кәсіпқойлар.
Қызметркерлердің білімі
Portfolio Image
Еңбек өтілі
Portfolio Image
Jusan экожүйесі
«Jusan Invest» АҚ - елдегі ең ірі қаржы топтарының бірі, оған банк, сақтандыру және IT компаниялары, JMart сауда алаңы, JPost курьерлік қызметі және мобильді оператор кіреді.
Осы институттардың барлығының өзара сәтті әрекеттесуі мықты әсер береді және топтың нарықтағы жетістігінің кепілі болып табылады!
Біздің тарифтер
JI Tariffs
«Jusan Invest» АҚ - минимал брокерлік комиссиялардан бас тартқан Қазақстандағы жалғыз брокер! Бұл кез келген инвесторға қор нарығында кез келген мөлшерде алғашқы қадамдар жасауға мүмкіндік береді! Компания нарықтағы ең тиімді тарифтерді ұсынады, олармен мына сілтеме арқылы толығырақ танысуға болады
Құқықтық алаң
JI Tariffs
Осылайша, клиент Қазақстанның құқықтық алаңында қазақстандық брокермен жұмыс істей отырып, барынша қорғалады.
Клиенттердің барлық активі акционері уәкілетті орган Қазақстан Ұлттық Банкі болып табылатын кастодиандар мен "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-ның үлестес емес банктеріндегі брокердің активтерінен бөлек сақталады.
JI Tariffs